«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 38 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру бағдарламасы:
1) теориялық және практикалық оқытуды, факультативтік сабақтарды және консультацияны;
2) өндірістік оқыту және кәсіптік практиканы;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаға 1-14-қосымшаларға сәйкес тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Циклдер мен пәндерді оқыту тәртібін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы дербес айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім алушыларды аралық аттестаттау жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылып және оқу жылының басында оқу үрдісінің кестесіне енгізіледі.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларына арналған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымша осы көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;